KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Қар әлі еріген жоқ. Күршім, Алтай, Глубокое, Катонқарағай және Риддер

14.04.2020, 08:36 248

Шығыста көктемгі тасқын судың бірінші кезеңі жазықтағы қар қабатының еруімен және өзендердің ернеуінен асуымен сипатталады.

Қазіргі уақытта ерімеген қар қабаты облыстың Күршім, Алтай, Глубокое, Катонқарағай аудандары мен Риддер қаласында тіркелген. Басқа аумақтардағы қар еріп кеткен. Қысқы ауа райының жылы болуына орай жер бетінде тоң қатқан жоқ. Сол себепті көктемде қар суы жайылмай, топыраққа сіңіп кетті. Өңірдегі барлық өзен-көлдерде сең кептелісі де орын алған жоқ.

 Жергілікті атқарушы органдардың, құтқарушылар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің уақытылы жүргізген алдын алу шараларының арқасында тасқын су болған жоқ. Қазгидрометтің деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта облыстағы қар қабаты сақталған аумақтар 30 пайызды құрайды. Аймақтың өзен-көлдеріндегі гидрологиялық жағдай ерекше бақылауға алынған, - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.
Төтенше жағдай қызметі өкілінің айтуынша, өңірде тасқын судың екінші кезеңі сәуір айының екінші онкүндігінде басталып, мамыр айының бірінші онкүндігіне дейін жалғасатын көрінеді. Бұл кезде тау жоталарының күнгейіндегі қар еріп, өзендердегі су деңгейін көтеруі мүмкін. Бүгінде бұл көрсеткіш қауіпті көрсеткіштен төмен тұр.

 Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мен облыстық Төтенше жағдай қызметі облыстағы өзен-көлдердің ернеуін бақылауға алып, болуы мүмкін тасқын суға деген дайындықтарын пысықтауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив