KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Аймақта бруцеллез ауруы он есе төмендеген

orken. kz

13.11.2024, 20:00 84 Гульжан Мусина

Облыстың мал шаруашылығында бруцеллез жұқпалы ауруымен ауырған мал саны жылдан-жылға азайып келеді. Жұқпалы ауру 2020 жылмен салыстырғанда он есеге төмендеген. Дегенмен, биыл өңірде бруцеллез бойынша үш ошақ анықталып отыр, деп хабарлайды  Altainews.kz  тілшісі. 

Бруцеллез ауруы  Глубокое, Зайсан, Күршім аудандарының мал шаруашылықтарындағы ірі қара малдарынан анықталған. Глубокое мен Зайсан ауданында ауру ошағы залаласыздандырылған, ал  Күршім ауданының Абай ауылдық округінен (Теректібұлақ) анықталған (ірі қара малы) ауру ошағын сауықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жыл басынан бері облыста жылқы мен ірі қара малдары арасында аса қауіпті  құтырық ауруының эпизоотиялық қолайсыз төрт ошағы тіркелген.   Алтай, Үлкен-Нарын аудандарында тіркелген құтырық ауруының ошақтары сауықтырылған. Тарбағатай ауданының Қарасу ауылында тіркелген эмкар ауруының ошағы сауықтырылуда.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықовтың брифингте айтқанындай, аймақта ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулер бекітілген жоспарға сәйкес уақытылы жүргізіліп жатыр.

 Жанаргүл Көкенайқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу