KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, С
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін

pixabay

Бүгін, 09:00 0 Назерке Каримова

Құтқарушылар шығысқазақстандықтарға алдағы күндері тауға бармауды ескертеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Қазселденқорғау» ММ ШҚО филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға, облыстың көп бөлігінде қадың қардың түсуіне, желдің күшеюіне және қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты,  15-18 қарашаға дейінгі аралықта облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар.

ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуды ұсынады. 

Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өткенде тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан тез шығыңыз.

Төтенше жағдай туындаса, ұялы телефонынан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір «112-ге» хабарласыңыз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу