KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да алдағы күндер жауын-шашынсыз, -5 градус аяз болады

pixabay

Бүгін, 11:00 0 Назерке Каримова

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс циклонның жырасы әсер етеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осыған байланысты еліміздің батысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады.

Солтүстік-батыста және солтүстікте қар жауып, бұрқасын болады. Республиканың қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, жел 15-25 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Қазақстанның батысында температуралық фон 2-10 градус жылы, солтүстік-батыста -5 градус аяз, +5 градус жылы, солтүстікте, шығыста және орталықта -5 градус  аяз, + 2 жылы, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +5-15 градус жылы болады деп болжануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу