ШҚО-да фестиваль жалауын көтерді (видео)
Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық волейболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінде «AMANAT» партиясының «КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» жобасы аясында балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорттық фестивалі жалауын көтерді.
Фестивальға Алтай, Глубокое, Үлкен-Нарын, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Зайсан, Марқакөл аудандары мен Өскемен қаласынан барлығы он команда қатысып спорттың үш түрінен, атап айтқанда, боча-доп лақтыру, эстафета табыстау және жүгіруден «Кім мықтыны?!» анықтады.
Шараны ұйымдастырушылар: «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, ШҚО білім басқармасы, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Спорт бәсекесін "AMANAT" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Сайрангул Жұмаділова құттықтау сөзімен бастап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысында «Бочча» бағдарламасы бойынша Өскемен қаласының «Жалын» командасы 1-орын иеленді.
Ал, «Біз жеңімпаз боламыз» инклюзивті командалық эстафетадан кіші санат бойынша 1-орынды Ұлан ауданының «Қырандар» командасы иеленген болса, үлкен санатта 1-орынды Күршім ауданының «Ақ сұңқар» командасы ұтып алды.
Сондай-ақ, үшінші бағдарлама «Жеңіл атлетика» бойынша кіші санатта Зайсан ауданынан келген «Барыс» командасы мен аға санаттағы Глубокое ауданының «Қайсар» командасы жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Серік Құсанбаев











