KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1 м/с, С
520.93 609.07 6.68

Баспанасы жоқ әрбір адам үй алу кезегіне тұра алады

Pexels.com

23.11.2024, 19:00 259 Төлеуғазы Жансая

Елде баспанасы жоқ әрбір адам үй алу кезегіне тұра алады. Басты шарты – соңғы бес жылда атында жылжымайтын мүлік тіркелмеуі керек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі Заңға қол қойды. Онда баспана кезегіне тұруға қатысты осындай өзгеріс бар. Енді кәмелет жасына толған кез келген азамат ешқандай санатқа жатпаса да , тұрғын үй кезегіне жазыла алады. Баспана кезегін Отбасы банк жүйелеп, реттейді. 
Айта кетейік,  қолданыстағы заңға сәйкес, елде баспана кезегіне белгілі санаттағы азаматтар ғана тұра алады. Мәселен, көп балалы отбасылар, 1,2 топтағы мүгедектігі бар жандар, мемлекеттік қызметшілер, тағы басқа топтар. 
Бұл, біріншіден, ұзақ уақыт кезекте тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Әзірге құжаттарды egov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Заң күшіне енгенімен, Отбасы банк жұмысты алты айдан кейін толық бастайды.

Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу