KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Тұратын жеріңіз апатты жағдайда болса сізге уақытша баспана берілуі керек

9.09.2019, 03:35 179

Бұдан былай жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар анықтама алу үшін мекемелер табалдырығын тоздырмайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұндай анықтама алу үшін барлық құжаттар мен өтініш Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе Электронды үкімет порталына өткізіледі. Бұл жөнінде облыстық әкімдікте өткен қоғамдық тыңдау барысында белгілі болды.

Қоғамдық кеңес назарына ұсынылған қаулы жобасына сәйкес, бұдан былай жалғыз баспанасы апатты деп танылған анықтама беру мемлекеттік қызметтер қатарына жатқызылмақ. Яғни, мұндай анықтама алуды мақсат тұтқан азаматтар бұрынғыдай бірнеше сатыдан өтіп, комиссия қорытындысын ұзақ күтпейді. Ендігі уақытта тұрғындар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына барып немесе Egov.kz электронды порталы арқылы онлайн өтініш беріп, құжаттарын жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 5 жұмыс күнін құрайды.

– Дегенмен аталмыш үрдіс азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бірден беріледі деген сөз емес, – дейді облыстық Мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк. – Мұндай анықтама азаматқа тұрғын үй алушылар кезегіне тұруға негіз береді.

Сондай-ақ заң бойынша жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматқа мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алғанға дейін уақытша тұратын баспана берілуі керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив