KZ
Өскемен
+17°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
518.81 596.27 6.63

Қазақстандық оқушылар әлемдік робототехника жарысында жеңіске жетті

28.11.2024, 14:00 157 Гульжан Мусина

Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша әлем чемпионатының тарихында алғашқы үш дүркін чемпиондар атанды, деп хабарлайды   Altainews.kz  тілшісі ҚР Оқу ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Озық технологиялары дамыған 190 елді озып шыққан қазақстандық оқушылар First Global Challenge робототехника бойынша әлемдік чемпионаттың жеңімпаздары атанды. 

Робототехника бойынша әлем чемпионаты Греция елінде өтті.  First Global Challenge додасында қазақстандық оқушылар ұлттық құрама қоржынын ойындағы рекордттық бал және Grand Challenge Award номинациясындағы жеңісі үшін алтын медальмен,  А. Эйнштейн атындағы FIRST Global International Excellence және инженерлік әзірлемелер үшін robots Skills Challenge номинациялары бойынша екі күміс медальмен толықтырылды.

Айта кету керек, әлемдік робототехника тарихында ешбір команда үш жыл қатарынан жеңістің тұғырында топ жарып көрмеген. 

Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу