KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
524.66 550.21 5.09

«Жайлы мектеп» жобасы 3000 оқушыны жаңа білім ордасымен қамтамасыз етеді

6.12.2024, 16:00 97 Гульжан Мусина

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру 2023 жылы басталғаны белгілі. Мектептердің нысаналы құрылысына тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, ал жергілікті атқарушы орган мектептерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда облыс бойынша Ұлттық жоба аясында салынып жатқан 3 мың орындық 7 мектептің Шемонаиха қаласындағы Железнодорожный көшесінде орналасқан 300 орындық мектептің құрылысы аяқталды, ал 2,7 мың орындық 6 мектеп салынуда.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында салынып жатқан 6 мектептің 1500 орындық 3 мектебін аяқтау жоспарланып отыр. Олар Өскемен қаласындағы Уәлиев және Тимофеев көшесінде,  Риддер қаласындағы Киров көшесінде бой көтерді.

Қалған 1200 орындық 3 мектеп, яғни Өскемен қаласындағы Есенберлин даңғылы, Глубокое ауданындағы Белоусовка және Опытное поле ауылдарындағы мектептер алдағы 2025 жылы пайдалуға берілмек.

Айта кету керек, Шемонаиха қаласындағы жаңа мектеп 1936 жылы салынған Шәкәрім атындағы №4 орта мектебі үшін  салынғандығын атап өткен жөн. Ал Риддер қаласындағы жаңа мектеп 90 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан № 9 және №12 орта мектептер үшін салынып жатыр.

Сонымен қатар, Өскемен қаласының 23-ші шағын ауданы мен «Спорт» шағын ауданында және Глубокое ауданының Прапорщиков ауылында бой көтеретін 1200 орындық 3 білім ордасының құрылысы 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр.

Жайлы мектептердің ерекшелігі – бастауыш және жоғары сынып оқушыларын бөлек блоктарда оқытуға негізделген. Бұл әдіс қауіпсіздік шараларын күшейтіп, оқушылардың оқу барысын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.

Олардың әрқайсысында психолог, логопед, робототехника және биотехнология кабинеттері, STEM зертханалары, хореография залы және коворкинг орталығы, 600 орындық мектептерде бастауыш және орта буын оқушыларына арналған жеке спорт залдары болады.

Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын жүзеге асыру 3000 оқушыны жаңа мектептермен қамтамасыз етуге, қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын жоюға, сондай-ақ білім берудің жаңа стандарттарын енгізуге тамаша мүмкіндік береді.

      Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу