KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Ұлан ауданы: әлеуметтік саладағы ілгерілеу 

Фото: qiwiq.ru

10.12.2024, 11:15 12 Гульжан Мусина

Ұлан ауданының әлеуметтік саласын дамытуда 2023-2024 жылдары ауқымды жұмыстар атқарылуда. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жол инфрақұрылымы және тұрғын үй құрылысы бағыттарында жүзеге асырылған жобалар аудандағы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі. 

2023 жылы ауданда үш білім беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Болашақ» лагеріне, Восточное және Айыртау ауылдарындағы мектептерге 80,9 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Сонымен қатар, Бозанбай ауылындағы орта мектепте кезең-кезеңімен жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы жоба құны 271,4 млн теңгені құрады, оның ішінде 2023 жылы 68,7 млн теңге, 2024 жылы 202,7 млн теңге облыстық бюджеттен бөлінді. 

Ұлттық «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Тройницкое ауылында медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 192 млн теңге. Бұған қоса, 2023 жылы Желдіөзек, Отрадное, Макеевка, Казачье және Сарыөзек ауылдарында жалпы сомасы 732,8 млн теңгеге 5 медициналық пункт салынды. 

– «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде Қасым Қайсенов кентінде 150 адамға қызмет көрсетуге арналған жаңа емхана құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны – 3,7 млрд теңге. 2023 жылы 600 млн теңге, 2024 жылы 2 млрд теңге бөлінді. Бұл жұмыстарды «ЭЛХОН» ЖШС мердігері жүзеге асыруда. Сонымен қатар, Айыртау және Герасимовка ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларға 278,5 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. 

Қасым Қайсенов кентінде 649,6 млн теңгеге мәдениет және демалыс орталығының құрылысы аяқталуға жақын. 2023 жылы 306,3 млн теңге, ал 2024 жылы 343,3 млн теңге бөлінді. Бұл орталықты салу жұмыстарын «QK SUNKAR» ЖШС жүргізуде. Ұлан ауылындағы клубқа 94,1 млн теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов. 

Мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға арналған жаңа арнайы автокөлік сатып алынды. Бұл көліктің құны – 28,9 млн теңге. 

2023 жылы «Жыл жолдары» бағдарламасы аясында Ұлан ауданында 12,8 шақырым көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстарға 600,4 млн теңге бөлініп, Айыртау, Мамай батыр, Герасимовка, Украинка, Таврия, Қасым Қайсенов және Ұлан ауылдары қамтылды. Тағы 33 млн теңгеге Макеевка, Бестерек, Қасым Қайсенов, Ново-Одесское, Саратовка және Таврия ауылдарының көшелері ағымдағы жөндеуден өтті. 

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Тарғын және Мамай батыр ауылдарының 2,5 шақырым жолдарына 133,2 млн теңге бөлініп, орташа жөндеу жүргізілді. Барлығы 48,3 шақырым жол жөнделіп, оның 18 шақырымы республикалық, 15 шақырымы облыстық, 15,3 шақырымы көше жолдары болып табылады. 

Ұлан ауданында «Бір қабатты Шығыс» жобасы қарқынды іске асырылуда. Герасимовка ауылында 44 екіпәтерлі тұрғын үй (88 пәтер) салынуда. Жобаның жалпы құны – 1,6 млрд теңге. Оның ішінде көпбалалы отбасыларға арналған 34 пәтерге 690,2 млн теңге, әлеуметтік осал топтарға арналған 54 пәтерге 897,4 млн теңге қарастырылған. 

2023 жылы 36 пәтер салынды, олардың жалпы ауданы – 2,8 мың шаршы метр. Бұл үйлер Алмасай, Тарғын, Сағыр, Мамай батыр, Ұлан, Айыртау және Баяш Өтепова ауылдарын қамтыды. Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үйге мұқтаждар қатарында 812 отбасы бар, оның ішінде 415 отбасы әлеуметтік осал топтардан, ал 152-сі көпбалалы отбасылар. 

Ұлан ауданында 2023-2024 жылдары жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жол инфрақұрылымы және тұрғын үй құрылысы салаларындағы оң өзгерістер ауданның дамуына тың серпін беріп, халықтың игілігі үшін қызмет етуде. Бұл шаралар ауылдық аймақтардың әлеуметтік әлеуетін арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда маңызды рөл атқарады.

Ержан Әбіш

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу