KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
527.3 544.86 4.95

Кәсіпкерлерге қолдау көрсететін орталық

14.12.2024, 11:45 38 Гульжан Мусина

Облыста он мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Оған «Даму» қоры қолдау көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ағымдағы жыл басынан бері бұл қор мемлекеттік бағдарламалар бойынша 639 шағын және орта кәсіпкерлік жобасына қаржылай көмек берді. Осы мақсатта 26,7 миллиард теңге жұмсалған.  Оның ішінде 395 жобаға субсидия бөлінген. Ал жалпы құны 8,4 миллиард теңгені құрайтын 244 жоба кепілдік қою арқылы қаржыландырылған. Сонымен қатар 39 жобаға 1,4 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, «Даму» қоры шағын және орта бизнеске субсидия бөліп, кепілдік беріп, жеңілдікпен қаржыландырады. Субсидия – кәсіпкерлердің несиесінің пайызын азайтады. Нәтижесінде жеке кәсіп иесі үнемделген қаражатты ісін дамытуға жұмсай алады. Бизнес ашуға немесе кәсіпті дамытуға несие аларда банк талап еткен кепілмүлік аз болған жағдайда аталмыш қордың кепілдігі көмектеседі.

«Даму» қоры еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетеді. Бұл өз кезегінде экономиканың өркендеуіне айтарлықтай септігін тигізеді. Шығысқазақстандық кәсіпкерлер 2010-2023 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламалар бойынша 9,8 мың жаңа жұмыс орнын ашып, бюджетке 367 миллиард теңге салық төледі, – деп атап өтті «Даму» қоры облыстық филиалының директоры Медет Ерболұлы.

Ажар Сағатбекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу