KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
524.02 545.19 5.09

ШҚО-да Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін, 11:00 68 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып Асхат Бейсенұлы Сағидолдин тағайындалды. Ол бұған дейін осыған ұқсас департаментті Абай облысында басқарған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа басшыны ШҚО әкімі Ермек Көшербаев облыстық әкімдік отырысында көпшілікке таныстырды. Әкім өз сөзінде Асхат Бейсенұлының жоғары кәсібилігін атап өтіп, оның тәжірибесі тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сауданы дамыту мәселелерін тиімді шешуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, Ермек Көшербаев екі жаңа әкімді таныстырды. Өскемен қаласының әкімі болып Алмат Ақышов, ал Самар ауданының әкімі болып Серік Жеңісов тағайындалған.

Өңір басшысы жаңа басшылардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Олардың қатарында инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және халықтың өмір сүру сапасын арттыру сияқты мәселелер бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу