KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Өскеменде «Altay Half Marathon-2019» жартылай марафоны өтті

20.10.2019, 08:01 180

Өскеменде 200-ге жуық спортшы қатысқан «Altay HalfMarathon-2019» қайырымдылық жартылай марафоны өтті.

Еске салайық, «AltayAthletics» клубы, республикалық жеңіл атлетика федерациясы мен облыс басшылығының мұрындық болуымен қолға алынған спорттық іс-шара осымен екінші жыл ұйымдастырылуда.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков хабарлағандай, жарысқа кез келген адам қатыса алады, шектеу жоқ. Биылғы марафон бағдарламасына барлығы төрт сайыс енген, олар: 14 пен 17 жас аралығындағы жастарға арналған бір шақырымдық «Altay Kids Run»сыны, кез келген адам қатыса алатын үш шақырымдық сайыс, 21 шақырымдық жартылай марафон мен алты шақырымға созылатын скандинавтық жүру бәсекесі.

– Әрине, қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлініп, жүгіретін болады, – деді доданың ашылуында бізге сұхбат берген Д.Рыпаков. – Арасында оқушылар да, зейнеткерлер де бар. Сонымен қатар жарысқа Әмір Байтұқанов, Гүлжанат Жанатбек сияқты бірнеше кәсіби спортшы да қатысуда. Доданың деңгейін көтеру мақсатында келер жылы оның бағдарламасына тағы бір сайыс енгізуді жоспарлап отырмыз. Осы ретте, «Altay Half Marathon» бәсекесінде үздік нәтиже көрсеткен кәсіби спортшылар ірі халықаралық додаларға лицензия ала алатынынайта кеткеніміз де орынды. Өздеріңіз көріп отырсыздар, ауа райыныңқолайсыздығына қарамастан, биылғы жарысқа қатысуға ниет білдіргендердің қарасы айтарлықтайкөп. Сіркіреп жаңбыр жауып тұрса да, адамдардың көңіл күйі көтеріңкі. Біздіңтүпкілікті мақсатымыз да осы, себебі, бұл жарыс ең алдымен қарапайым халыққа арналған.

Былтырғыдай биылғы дода да қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылатындықтан, қатысушылар алдын ала жарна төлеуі керек болыпты, оның мөлшері екі мың мен үшжарым мың теңге аралығында ауытқыған көрінеді.
Тағы бір айта кетер жайт, жүгірушілердің нәтижелерін заманауи электрондық жүйе анықтады. Бұған қоса жартылай марафон барысында қатысушыларға әр бес шақырым сайын су мен жеміс-жидек ұсынылды. Бір сөзбен айтқанда, дода жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мұны қатысушылар да ерекше атап өтті. Мәселен, үш шақырымдық сайыста топ жарған Қуандық Оразғазы есімді семейлік жас спортшыға жарыстың ұйымдастырылған орны – Ертіс өзенінің жағалауындағы трасса айрықша ұнапты.

– Жеңіл атлетикамен айналысқаныма үш жылдай болды. Осы уақыт аралығында біршама жетістікке жеттім деп айта аламын, алайда шеберлігімді әлі де шыңдауым қажет. Еліміздің бірқатар қаласында ұйымдастырылған жарыстарға қатысып үлгердім. Бірақ, бүгінгі доданың жөні бөлек екен, ауа райын айтпасаңыз, қалғанының бәрі жоғары деңгейде, барлығыда ойластырылған. Негізі, үш шақырымдық қашықтықтағы үздік нәтижем тоғыз минут он секундқа тең болатын. Ал бүгінгі көрсеткішім сәл нашарлау, дегенмен жеңіске мұның өзі де жеткілікті болды, – деген жас спортшы енді «Altay Half Marathon» бәсекелерін жібермейтінін де айтты.


Айта кетейік,биылғы жарыста жеңімпаз атанған және жүлделі орындарға ілінген спортшыларға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив