LED-экрандардан интернет-алаяқтық туралы ақпарат көрсетіліп жатыр – ШҚО
Фото: polisia.kz
ШҚО-да LED-экрандардан интернет-алаяқтық туралы ақпарат көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Түсіндірме ақпарат облыс орталығындағы 20-дан астам LED-экран арқылы халық көп баратын орындарда көрсетіліп жатыр.
Осылайша, тұрғындардың назары интернеттегі алаяқтық мәселесіне аударылуда.
Полиция қызметкерлері барлық азаматтарды қырағы болуға шақырады: ешкімге ақша аудармаңыз, ешбір жағдайда бөгде қосымшаларды орнатпаңыз немесе күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Өзіңізді жалған инвестициялық схемаларға тартуға жол бермеңіз, егер сізге туысқаныңыз қиындықта екенін айтса, оған өзіңіз қоңырау шалыңыз және бұл алаяқтық емес екеніне көз жеткізіңіз.
Осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда «102» арнасына дереу хабарлауға шақырамыз.