2025 жылдан бастап студенттердің стипендиясы екі есе өседі
pexels.com
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда студенттердің стипендия көлемі айтарлықтай ұлғайтылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрлік дерегіне сәйкес, ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия көлемі екі есе, ал магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады.
Стипендия көлемі келесідей болмақ:
- Бакалавриат студенттері – 52 372 теңге;
- Педагогикалық және медициналық бағыттағы білім алушылар – 84 000 теңге;
- Магистранттар – 117 098 теңге;
- Докторанттар – 262 500 теңге;
- Интернатура студенттері – 94 862 теңге;
- Резидентура студенттері – 134 664 теңге.
Оқи отырыңыз