KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

ШҚО полицейлері жолаушы тасымалдаушы ұйымдардың өкілдерімен кездесті

11.01.2024, 17:23 127

Кездесуге ТҮКШ бөлімінің және Өскемендегі жолаушылар тасымалдауды басқару орталығының басшылығы да қатысты.


Кездесуде ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Думан Қожахметов қоғамдық көліктер мен автобекеттерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызын және бұл полицияның басты міндеті екенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz  тілшісі.


Департамент басқармаларының бастықтары Талғат Нұриев пен Еркін Әнуарбеков қатысушыларды өңірдегі криминогендік ахуалдың жай-күйімен және жолаушыларды  тасымалдау саласындағы проблемалық мәселелермен таныстырды.


Шығыс Қазақстан облысының аумағында 173 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде 147 облысішілік, 23 облысаралық, 3 халықаралық. Жолаушыларды тасымалдауға 669 автобус пен шағын автобус тартылған, оның ішінде қалалық автобустар – 508, ауданішілік автобустар – 90, ауданаралық автобустар – 52, облысаралық автобустар – 19.


Автотасымалдаушылар жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту мүмкіндіктері, автобустарды бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру қажеттілігі туралы өз пікірлерімен бөлісті.


Полиция қызметкерлері желіге шығар алдында, сондай-ақ тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттарда автобус парктерінің көліктердің техникалық жағдайына қойылатын талаптарды қатаң сақтау қажеттілігін ескертті.


Айта кетейік, 11-13 қаңтар аралығында облыс аумағында «Автобус-тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, оның негізгі мақсаты – қоғамдық көлік ішіндегі кез келген құқықбұзушылықтарға төзбеушілікті және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу