Шығыс өңірін газдандыру
Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерін газдандыру 2015 жылы Зайсан ауданындағы «Сарыбұлақ» кен орнынан басталды. Қазіргі таңда Зайсан ауданындағы 10 елді мекен, оның ішінде Зайсан қаласы мен бірнеше ауыл орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілді.
Газдандыру жобаларына 9 жыл ішінде 4283,7 млн теңге бөлінді. Бастапқы газ қоры 3 795,4 млн м³ болса, 2025 жылдың басында 3614,4 млн м³ газ өндірілді. Қалған қорлар ішкі нарыққа 5,7 жылға жетеді деп болжануда.
2022 жылы Зайсан ауданының 8 елді мекенінде ішкі желілер құрылысы басталды. Бұдан басқа, Шенгельды ауылында газ қорын барлау жұмыстары жүргізілуде.
Облыста 11 газбен жабдықтаушы ұйым жұмыс істейді. Ауылдық жерлерде сұйытылған газды жеткізу үшін ай сайын 3443,1 тонна қажет. 2024 жылы облысқа 33 838 тонна сұйытылған газ бөлінді.
Бұл жобалар облыс халқын сапалы отынмен қамтамасыз етіп, өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.