KZ
Өскемен
-4°
снег жел 15 м/с, Ю
527.58 546.15 5.29

Ауаны қорғау шаралары: ШҚО-дағы экологиялық жобалар

Бүгін, 13:00 63 Төлеуғазы Жансая

Өңір экологиясын жақсартуға бағытталған үш жылдық Жол картасы аясында жүзеге асырылған жұмыстарға облыстық бюджеттен 10,4 млрд теңге бөлінді. Оның 1,4 млрд теңгесі атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған. Бұл туралы ШҚО ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері баяндады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«ШҚО экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасы» аясында, ауаны ластаушы ірі кәсіпорындарда 2024 жылдан бастап эмиссияларды автоматтандырылған жүйе арқылы бақылау жұмысы жүргізіледі. Бұл қоршаған ортаға зиянды заттардың таралуын қолайсыз метеожағдайларда азайтуға мүмкіндік береді.

– Мәселен, «Қазцинк» ЖШС-де 2025 жылы «Өскемен металлургия кешеніндегі ең үздік қолжетімді технологиялар» жобасы аясында күкірт қышқылы зауытының қалдық газдарын тазартатын қондырғының құрылысы басталады деп күтілуде. Осы жобаның нәтижесінде күкірт диоксидінің ауаға таралуы 1600 тоннаға дейін азайтылады, – деді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов.

Мамандардың айтуынша, бұл шаралар зиянды заттардың ауаға таралуын 80,9 мың тоннадан аспайтын мөлшерде (Өскемен қаласы бойынша 49,6 мың тонна) тұрақтандыруға мүмкіндік береді, бұл рұқсат етілген деңгейден аспайды.

Арайлым Орсаринова

Фото: Нелли Петенева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу