KZ
Өскемен
-20°
пасмурно жел 5 м/с, З
522.42 543.89 5.28

ШҚО: пайдаланылмай жатқан 117 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Бүгін, 15:00 87 Гульжан Мусина

2024 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы 117 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды, – деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы жерлерінің басым бөлігі – 67 мың гектар – жер пайдаланушылардың өз жер учаскелерінен ерікті түрде бас тартуы арқылы қайтарылған.

35 мың гектар жер жалдау мерзімінің аяқталуына байланысты;
3,3 мың гектар жер жергілікті атқарушы органдардың заң бұзушылықтармен қабылдаған шешімдерінің күшін жою арқылы;
2,4 мың гектар жер сот шешімі бойынша мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне қайтарылды.

– Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің 103,8 мың гектары немесе жалпы қайтарылған жер көлемінің 89%-ы қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жұмысы нәтижесінде қайтарылды. Қалған 13,2 мың гектарды (11%) Шығыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті қайтарды, – деп мәлімдеді жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис.

Өткен жылы облыста ауыл шаруашылығы жануарлары санының көбеюіне байланысты халықтың мал жаюға арналған жайылымдарға сұранысы 69,9 мың гектарды құрады. Ауыл тұрғындарын жайылымдармен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тарту нәтижесінде бұл қажеттілік толық көлемде шешілді.

Жанаргүл Көкенайқызы

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу