ШҚО-да пайдаланылмай жатқан 125,7 мың гектар мемлекетке қайтырылды
![](/kz/uploads/posts/2024-02/2022_08_03_whatsapp-image-2022-05-05-at-10_15_35-1.webp)
Фото: egemen.kz
2023 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 125,7 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мемлекетке қайтарылған алқаптардың ішінде:
- 89,1 мың га жер пайдаланушылардың өз жер учаскелерінен ерікті түрде бас тартуы есебінен;
- 30,1 мың га жалдау мерзімінің аяқталуы есебінен;
- 1,5 мың га жергілікті атқарушы органдардың заң бұза отырып қабылдаған шешімдерінің күшін жою есебінен;
- 5 мың га сот шешімі бойынша мәжбүрлеп алынған.
2023 жылы қайтарылған жерлердің 3,8 мың га алқабы ауыл шаруашылығы айналымына тартылған.
Жанаргүл Мұқатай