Өскеменде оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүрмек
Бүгін әкімдіктің отырысында Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақашов қоғамдық көлікте балалар үшін тегін жүру мүмкіндігін енгізу мәселесін көтерді.
Бұндай тәжірибе кейбір қалаларда енгізілген. Шымкентте мектеп оқушылары үшін қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі бар екенін мысал ретінде келтірген әкім бұл ұсыныстың тиімділігі мен мүмкіндіктерін зерттеуді тапсырды.
Қазіргі таңда автобус пен трамвайларда оқушыларға жеңілдіктер қарастырылғанымен, тегін жүру құқығы мәселесі толықтай зерттеліп, қаралатын болмақ.
Оқи отырыңыз
Өскеменде пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға 100 жол жүру билеті берілдіШҚО-да 22 мыңға жуық бала енді қоғамдық көлікте тегін жүредіАягөз қаласында 9 маусымда қоғамдық көліктер тегін жүредіЖаңа трамваймен жолаушыларды тегін тасымалдады – ӨскеменӨскеменде балалар 22 наурыз күні қоғамдық көлікте тегін жүреді