«Жастар рухы» жаңа мүшелермен толығады (видео)
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттердің «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесу барысында қонақтар оқушыларға жастар қанатының қызметі мен ұйымға кірудің артықшылықтары туралы айтып берді. Сондай-ақ, жоғары оқу орнындағы «Жастар рухы» бөлімшесінің жаңа төрағасы таныстырылды.
Айта кетейік, бүгінде AMANAT партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының 100 мыңнан астам мүшесі бар. Ұйым бірқатар қайырымдылық жобаны жүзеге асырады. Университеттер мен колледж студенттері волонтерлік қызметті белсенді дамытуда, қарттарға, балалар үйлеріне көмектесу жолға қойылған. Сондай-ақ жас белсенділер экологиялық акциялардан шет қалмай, жастар арасында патриотизм мен ұлттық құндылықтарды насихаттайды.
Әзірге жастар қанатының жаңа бөлімшесі 30 бастамашыл ұл мен қыздан құралғанын айту керек. Бүгінгі отырыста белсенділер өз жұмыстарының нәтижелері туралы айтып, жастарды «Жастар рухына» мүше болуға шақырды.
Нұржан Кенжеұлы
Фото: Аяужан Утеулинова
Видео: Евгений Щетников