KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
504.76 593.8 6.5

Жастар көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті – ШҚО

17.05.2024, 11:27 363 Қызырбек Дүргінбайұлы

Отбасы күні өңірімізде кең көлемде атап өтілді. Игі іс-шараның бірін «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының өкілдері ұйымдастырды.

Белсенді жастар көпбалалы отбасыларға азық-түлік қоржынын және шаруашылыққа қажетті заттар үлестірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 20-дан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасыға қолдау көрсетілді. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек және алиментке қатысты мәселелер бойынша көмек көрсетіліп, заңгерлер мен жеке сот орындаушыларының тегін қабылдауы ұйымдастарылды, – деді  «Жастар Рухы» ЖҚ-ның облыстық филиалының төрағасы Қорлан Туғамбаева.

1 маусым – Балалар күні қарсаңында да қайырымдылық акциялары жалғасатынын айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу