KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, С
515.97 537.8 5.25

Жарыққа төлемдер қалыпты режимде қабылданып жатыр (видео)

Бүгін, 17:30 73 Гульжан Мусина

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз ету функциясын атқарады. Осыған орай «БЭСК» АҚ басқарма төрағасының электр энергиясын тарату және жеткізу жөніндегі орынбасары Константин Морозов энергиямен жабдықтау қызметін жүзеге асыратын «Шығысэнерготрейд» ЖШС мен «БЭСК» АҚ функцияларын біріктіруге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылы Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізіліп, 31 желтоқсаннан бастап энергиямен жабдықтау қызметі энергия таратушы ұйымға берілетіні қарастырылған болатын. Осыған сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ екі облыстың 520 мыңнан астам тұтынушысын электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Ағымдағы жағдай және техникалық мәселелерге тоқталсақ, энергиямен жабдықтау функцияларын беру процесінде кейбір техникалық мәселелер туындады, олар қазір белсенді түрде шешіліп жатыр. Бұл әсіресе сервистердің, төлем терминалдарының жұмысына, сондай-ақ банктер мен мобильді қосымшалармен өзара әрекеттесуге қатысты. Дегенмен, жалпы алғанда, төлемдер қалыпты режимде қабылдануда. Тұтынушылар төлемдерін Халық банкі, Kaspi және басқа да банктер арқылы жүргізе алады, - дейді «БЭСК» АҚ басқарма төрағасының электр энергиясын тарату және жеткізу жөніндегі орынбасары Константин Морозов.

Константин Анатольевич тұрғындар арасында төлемдерді төлеу кезінде кездескен кейбір қиындықтарға шағымданғандар болғанын айтады.

Осыған байланысты келесіні түсіндіргім келеді: егер сіз «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдында барлық төлемдерді толық өтеген болсаңыз, ескі бағдарлама енді жаңа төлемді қабылдамайды. Келесі төлемдер «БЭСК» арқылы жүзеге асырылады. Егер «Шығысэнерготрейд» ЖШС-не артық төлем жасалған болса, ол автоматты түрде «БЭСК» АҚ-ға аударылады. Бұл жағдайда тұтынушылар ешқандай қаражат жоғалтпайды. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін олардың есепшоттары өзгеріссіз қалды. Жеке тұлғаларға қосымша келісімшарттар жасаудың қажеті жоқ. Барлық қызметтер мен қосымшалар бұрынғы режимде жұмыс істей береді, - деп түсіндірді басқарма төрағасының орынбасары.

Қазіргі уақытта төлем терминалдары бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде. Болжам бойынша, олар ақпан айының соңына – наурыз айының басына дейін толық жұмыс істей бастайды.

Call-орталық күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Желтоқсан айында күніне 600-700 қоңырау қабылданса, қаңтарда бұл көрсеткіш екі есеге артып, 1500 қоңырауға жетті. Сондай-ақ, тұтынушылар сайт және мобильді қосымшалар арқылы да жиі жүгінуде.

Тұтынушыларға қызмет көрсетуді жеделдету мақсатында автоматтандырылған жауап беретін роботты іске қосу қарастырылуда. Бұл жүйе тұтынушыларға қарыз сомасы, төлемдер және басқа да сұрақтар бойынша жылдам ақпарат алуға мүмкіндік береді. Робот қай тілде сұрақ қойылса, сол тілде, қазақша да, орысша да жауап береді.

Айна Ескенқызы

Видео: Ермек Жиенбеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу