KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
502.83 545.37 5.95

Құтқарушылар қар құрсауында қалған 5 адам құтқарды

12.02.2025, 07:00 674 Төлеуғазы Жансая


Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында қарлы боран салдарынан екі жеңіл көлік жолда қалып қойды. Оқиға Борсақ ауылынан 5 шақырым қашықтықта, жолдың жабық учаскесінде орын алды.

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 5 адамды аман-есен Өскемен қаласына эвакуациялады. Зардап шеккендер медициналық көмекті қажет етпеді.

-ТЖД тұрғындарға ескерту жасайды:
Ауа райының өзгерісіне байланысты дабылды ескертулерге назар аударыңыз.
Қатты боран және жолдың жабылу қаупі болған жағдайда, елді мекендерден тыс жерлерге шығудан аулақ болыңыз!- делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу