KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да құтқарушылар мен жол қызметкерлері жолаушыларға көмекке келді

9.02.2024, 22:32 111 Мадина Амангелдіқызы

9 ақпанда "Өскемен-Шемонаиха – РФ шекарасы" тас жолындағы бейтарап аумақта Новосибирск қаласынан Өскеменге бағыт алған жолаушылар автобусы ақ түтек боранның салдарынан қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқиға орнына ШҚО ТЖД құтқарушылары мен "Қажсервис" ЖШС техник мамандары жндел жетіп, көмек көрсетті.

Автобустың салонында 23 жолаушы болған, оның бесеуі - балалар. Жол қызметінің техникасы жолдарды тазартып жатқанда құтқарушылар қарды күрекпен лақтырып, көмектесті. Бұл кезде  адамдар автобус ішінде күтіп отырды.

Тас жолдың бір бөлігі ашылғаннан кейін құтқарушылар мен жол қызметінің мамандары автобусты шекара бекетіне дейін жеткізіп тастады. Сол жерден ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Өскемен қаласынан келген барлық жолаушыларды "ТРЭКОЛ" жол талғамайтын көлігімен эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекен - Шемонаиха қаласына жеткізді. Онда жергілікті атқарушы органдар жолаушыларды тамақтандыру жағын ұйымдастырып бержі. 

Жолаушылардың біразы осындағы туыстарына орналастырылса, қалғаны  Өскемен қаласына жол тартты.

Айта кетсек, бүгін 23-28 м/с дейін қатты жел мен қарлы боран соғатыны туралы ескерту жарияланған болатын. Осы ретте ШҚО ТЖД азаматтардан қолайсыз ауа райында елді мекендерден шықпауды сұрайды.

Жолдардың жай-күйі туралы “Дәрмен” мобильді қосымшасынан білуге болады.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабар беру қажет.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив