KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
506.43 522.43 5.28

Алтай ауданында грант иегерлерінің бизнес-жобалары бақылануда

Бүгін, 15:00 68 Төлеуғазы Жансая

Алтай ауданында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға берілген 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз гранттардың игерілуі бойынша мониторинг жалғасуда.

Гранттық қаржыландырудың арқасында аймақта түрлі кәсіпкерлік бастамалар жүзеге асуда. Бір кәсіпкер балық өнімдерін сатумен айналысып, кәсібін дамыту үшін тоңазытқыш жабдықтар мен витриналар сатып алды. Енді бір грант иегері кір сабын өндіру цехын ашып, өз өнімін қала тұрғындарына ұсынып отыр.

– Мемлекеттік қолдаудың көмегімен бал шаруашылығы кеңейтіліп, ерекше дәмдік қасиеттерге ие өнімдер шығарылуда. Сонымен қатар, қонақүй бизнесін дамыту мақсатында қонақтарға арналған пәтер жабдықталып, заманауи интерьерімен ерекшеленетін жайлы орынға айналды. Мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер де мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде отбасын табиғи өнімдермен қамтамасыз етіп, өз кәсібінен тұрақты табыс табуда,- дейді аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарқызы.  

Әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік гранттар халықтың кәсіпкерлік бастамаларын қолдап, олардың экономикалық дербестігін арттыруға мүмкіндік беруде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу