KZ
Өскемен
-16°
ясно жел 2 м/с, СБ
530.24 543.97 5.16

Көкпектілік кәсіпкер қаз еті мен қауырсынынан жасалған өнімдерді нарыққа шығарды

15.11.2019, 10:47 155

Қаз өсіруді қолға алған көкпектілік шаруа қожалығы қаз еті мен қауырсынынан жасалған өнімдерді нарыққа шығаруда. Аталмыш жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде берілетін гранттық жобалар арқасында жүзеге асты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, бизнес бастамаларды кеңейтуге бағытталған мемлекеттік қолдау аясында бүгінге дейін жалпы көлемі 564,5 млн. теңге грант қаражаты 215 жобаға берілген.

Нәтижесінде аудан, қалалардағы шағын кәсіпорындардың бойына қан жүгіріп, мемлекет қазынасына келіп түсетін салық мөлшері де артқан.

Мысалға алып қарасақ, Глубокое ауданындағы Ақметкбек Озатбек есімді жеке кәсіпкер 3 млн. теңге мөлшеріндегі грант қаражатына аяқ киім тігетін цех ашып, екі адамды жұмыспен қамтыса, абайлық кәсіпкер осындай көлемдегі қаражатқа баспахана ашып, жергілікті үш тұрғынға жұмыс берді. Сондай-ақ Көкпектіде тұратын І-топ мүгедегі Жанна Жәбекова ойыншық жасау цехын ашып, екі адамды жұмыспен қамтыды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу