Қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады
![](/kz/uploads/posts/2025-02/planner-3485976_640.webp)
pixabay.com
2025 жылғы наурызда Қазақстан азаматтары 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен 21–23 наурыз – Наурыз мейрамын атап өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қосымша демалыс күндері:
8 наурыз (сенбі) демалысы – 10 наурызға (дүйсенбі) ауыстырылады.
Наурыз мейрамы (21–23 наурыз) демалысы 24 және 25 наурызға (дүйсенбі, сейсенбі) ұзартылды.
Жұмыс аптасына байланысты демалыстар:
5 күндік жұмыс аптасы: 8–10 наурыз (3 күн), 21–25 наурыз (5 күн қатарынан) – барлығы 14 күн демалыс.
6 күндік жұмыс аптасы: 8, 9 наурыз (10 наурыз – жұмыс күні), 21–24 наурыз (25 наурыз – жұмыс күні) – барлығы 10 күн демалыс.
Жалпы, 2025 жылы Қазақстанда 119 демалыс күні болады. Ең көп демалыс наурызда (14 күн), ал ең азы ақпан мен сәуірде (8 күн).