ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің этика мәселесі талқыланды (Видео)
Мемлекеттік қызметтегі этикалық нормаларды сақтау мәселесі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен семинар-отырыстың басты тақырыбына айналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Отырыс барысында 2024 жылғы жұмыстардың қорытындылары шығарылды. ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті 38 тексеру жүргізіп, 193 өтінішті қарады. Нәтижесінде 697 этикалық нормаларды бұзу фактісі анықталды. 3 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 7 адам әкімшілік жаза алды.
Этикалық кодекс талаптарын сақтау және қызметтік әдеп нормаларын орындау бойынша өңірде 665 іс-шара ұйымдастырылды. 2024 жылы мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен әртүрлі тренингтер, семинарлар, спорттық және өзге де шараларды ең көп өткізген аудан – Алтай ауданы. Ал ең аз іс-шаралар Катонқарағай ауданында және Риддер қаласында өтті.
Спикерлер мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі, жауапкершілігі мен азаматтарға деген құрметі жылдан-жылға артып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жемқорлықтың алдын алу, іскерлік коммуникация ережелерін сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырысқа қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, мемлекеттік басқарудағы этикалық мәдениетті жетілдіру бағытында атқарылатын қадамдарды талқылады.
Оның айтуынша, мұндай кездесулер мемлекеттік органдарға деген сенімді арттырып, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді. Шығыс Қазақстан облысында бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, қызметтік әдептің жоғары стандарттарына және моральдық-адамгершілік құндылықтарға басымдық беріледі.
Ержан Әбіш