Beeline интернет бағасын қолдан көтерген – агенттік

Фото: istockphoto.com
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Beeline ұялы байланыс операторы қызметінде бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі kaz.inform.kz порталына сілтеме жасап.
Beeline компаниясының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 300 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдықтағы интернет тек GPON технологиясы бар үйлерде ғана қолжетімді. Ал басқа үйлерде ең жоғары жылдамдық 100 Мбит/с-ты құрайды, бірақ тариф бағасы барлық абонент үшін бірдей.
Компанияға тұтынушылардың тарифті таңдаудағы құқығын қамтамасыз ету бойынша келесі шараларды қабылдау тапсырылды:
егер тұтынушы жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдаланғысы келмесе, жылдамдығы 100 Мбит/с-тан аспайтын интернетпен қамту;
100 Мбит/с-тан аспайтын интернетке қосу қызметін қосымша ақысыз жүзеге асыру.
Қазір ұсынымдар толық орындалды. 2025 жылғы 15 қаңтардан бастап тұтынушыларға 100 Мбит/с-қа дейінгі тарифтік жоспарлар ұсыныла бастады және олардың бағасы 500 теңгеге арзандады, - делінген ақпаратта.