KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Еліміздің төрт қаласында студенттер жолақыға 20 теңге ғана төлейтін болды

5.09.2019, 04:19 127

Еліміздің төрт қаласында студенттер қоғамдық көліктерде жолақыға 20 теңге ғана төлейтін болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Елорда Инфо мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Петропавл қалаларындағы студенттер қоғамдық көлікте жолақыға 20 теңге төлейді.
Жолақы жеңілдігі SMS арқылы және «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында QR код арқылы төлем жасағанда беріледі.

– Жаңа оқу жылының қарсаңында біз студенттік тарифті жаңартуды жөн деп таптық. Енді жолақы небәрі 20 теңге. Әзірше арнайы баға тек төрт қалада бар, бірақ таяу уақытта бұл сан екі есе көбейеді, – деп пікір білдірді Beeline Қазақстан өкілі.

Жоғарыда аталған шаһарлардағы студенттер жолақы төлеу үшін автобус ішіндегі жапсырмада көрсетілген көлік кодын 2505 қысқа нөміріне SMS арқылы жіберуі керек немесе салондағы жапсырмада көрсетілген QR-кодты «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында сканерлеу қажет.

Beeline Қазақстан өкілінің айтуына қарағанда, аталмыш жеңілдік жақын арада еліміздің өзге де қалаларында қолданысқа енуі мүмкін.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив