Олжас Бектенов әуе рейстерінің кешігу жағдайларына қатысты тапсырма берді

pixabay.com
Үкімет отырысында авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.
Премьер-министр әуе рейстерінің кешігу жағдайларына ерекше назар аударды.
«Ішкі ұшу сапарларының жиілігін арттыру, сондай-ақ халықаралық ұшу сапарларының географиясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ әуе рейстерінің кешігу жағдайлары да орын алуда. Көбінесе бұл әуе компаниялары мен әуежайлардың арасындағы ретсіз жұмыстардың кесірінен туындап жатады. Сондықтан Министрлікке өзара іс-қимылдың тиісті тетіктерін пысықтауды тапсырамын»,— деп атап өтті Үкімет басшысы.
Оқи отырыңыз
Кендірлі, Зайсан, Қатонқарағайда әуежайлар құрылысы биыл аяқталадыПремьер-министр Қазақстандағы баспана кезегіне қатысты тапсырмалар бердіГазбен қамтуға қатысты арыз-шағым көп – Олжас БектеновЕлімізде жұмысшыларға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылмақПремьер-Министр қазақстандық әуе компанияларын сынға алды