ШҚО командасы өрт-құтқару спорты бойынша чемпионаттың жеңімпазы атанды

Астанада өткен ХХХIII ерлер арасындағы, ХI әйелдер арасындағы, Х жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы өрт-құтқару спортының қысқы чемпионаттарына еліміздің әр өңірінен 500-ден астам спортшы қатысып, өз аймағының намысын қорғады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер оқу мұнарасының тік қабырғасын еңсеріп, жастарына қарай екінші, үшінші және төртінші қабаттағы терезелерге көтерілді, сондай-ақ шабуыл сатысымен жарысты.
Шығыс Қазақстан облысының жасөспірімдер командасы жоғары нәтижелер көрсетіп, чемпион атанды.
Орта жас тобындағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының рекордын жаңартқан Никита Боков 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеруде Қазақстан чемпионы атанды. Ол 16,66 секунд нәтижесімен үздік көрсеткіш көрсетті. Жоғары жас санатындағы жасөспірімдер арасында 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеруде Радмир Каримов чемпион атанды. Штурм сатысымен көтерілуде орта жас санатындағы жасөспірім Артем Виноградов күміс жүлдегер атанды.
ШҚО ерлер командасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Чемпионаттың бірінші күнінде Николай Буторин 13,55 секунд нәтижесімен үздік уақыт көрсетті. Әйелдер командасы жетінші орын алды. Штурм сатысымен көтерілуде әйелдер арасында Валерия Поволодская 07,69 секунд нәтижесімен үшінші орын иеленді.