Өскеменде «Жас сақшы» кадет сыныптары ашылды (видео)

Өскемен қаласында «Жас сақшы» кадет сыныптары ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 орта мектепте «Жас сақшы» кадет сыныптарының ашылу рәсімі өтті. Бұл маңызды шара қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің құрметіне арналды.
7-сынып кадеттері Р.Т. Нұрғалиевтің, ал 9-сынып кадеттері Е.Т. Сүбебаевтың есімін иеленді. Жаңа оқу жылында арнайы бағдарлама бойынша 19 жетінші сынып оқушысы және 11 тоғызыншы сынып оқушысы білім алады.
Бұл жоба патриоттық тәрбиені күшейтуге, елге қызмет етуге деген ұмтылысты қалыптастыруға және болашақ құқық қорғаушыларды дайындауға бағытталған. Кадеттер әскери және құқықтық дайындық негіздерін меңгеріп, тәртіп пен жауапкершілікке үйренеді, ең бастысы – Отанға қызмет етудің ең үздік дәстүрлерін бойына сіңіреді.
Фото: polisia.kz