KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1 м/с, С
496.71 531.33 5.55

«Ауыл аманаты»: Ұландық кәсіпкерлер қандай жобаларды жүзеге асырмақ?

Кеше, 13:30 154 Әбішев Ержан

Мониторингтік топ 2,5%-дық жеңілдетілген несие алуға үміткер жобалармен танысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, жергілікті тұрғындар өз істерін дамыту үшін мемлекеттік қолдауға қызығушылық танытуда.

– Өткен жылы Ұлан ауданында 180 миллион теңгеге 10 жоба қаржыландырылды. Олардың басым бөлігі туризм және қайта өңдеу саласына бағытталған. Биыл біз несие комитеті мақұлдамай тұрып, болашақ қатысушылармен алдын ала танысып, олардың жоспарлары мен жобаларының ауқымын көруді жөн көрдік, – деді Қайрат Мамырбаев.

Комиссия мүшелеріне бірнеше қызықты жоба таныстырылды. Солардың бірі – көкөніс өсіретін жылыжай.

Кәсіпкердің айтуынша, бүгінде көкөніске сұраныс артып келеді, сондықтан олар өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта желіні кеңейту, жабдықтар сатып алу, тұрақты жеткізілімді жолға қою және өткізу нүктелерін көбейту көзделген.

Сондай-ақ мониторингтік топ ет өңдеумен айналысуды жоспарлап отырған шаруа қожалығындағы тауарлы сүт фермасына барды.

Туризм саласы да назардан тыс қалмады. Айыртау ауылында таза ауада демалуға арналған қонақ үйлер ашу көзделуде.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Ұлан аудандық филиалының директоры Әсел Құсметованың айтуынша, бұл бизнес түрлеріне бүгінде халық арасында жоғары сұраныс бар. Барлық жобалардың даму әлеуеті жоғары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу