Антикордың мобильді тобы азаматтарды қабылдады – Шемонаиха
Шемонаиха ауданында Антикоррупциялық мобильді топтың қабылдауы өтті. Кездесуге ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев қатысты. Ол жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, қазіргі кездегі маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мобильді топтың жұмысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға деген төзімділікті азайтуға және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділік ахуалын қалыптастыруға бағытталған.
Азаматтарды олардың тұрған жерлерінде ашық диалог арқылы қабылдау халық арасында алдын алу жұмыстарын жүргізуге және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында консультациялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Фото: ШҚО Кәсіпкерлер палатасы