KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 3 м/с, З
488.53 531.91 5.68

«Мекемені білікті кадрлармен жеткілікті қамту қажет» – Нұрымбет Сақтағанов Алтай аудандық ауруханасы туралы (Видео)

Кеше, 14:00 132 Төлеуғазы Жансая

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай аудандық ауруханасының техникалық жабдықталуымен танысып, медициналық қызметкерлермен және емделушілермен әңгімелесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өңір басшысына пациенттерді диагностикалау мен емдеуге арналған заманауи медициналық құрылғылардың жұмысы көрсетілді. Сондай-ақ аудандық ауруханада көрсетілетін медициналық қызмет түрлері таныстырылды.

Нұрымбет Сақтағанов тұрғындарды қолжетімді әрі жоғары технологиялы медициналық көмекпен қамтамасыз етудің маңызына тоқталып, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту – өңір дамуының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Ауруханада заманауи, жоғары технологиялы құрылғылардың жұмыс істеуі – үлкен артықшылық. Дегенмен мекемені білікті кадрлармен жеткілікті қамтамасыз ету қажет. Қазір кейбір бөлімдерде бір ғана маман жұмыс істеп отыр. Бұл – тиімсіз тәсіл. Өзара алмастыра алатын екі-үш маман болуы қажет, – деді облыс әкімі.

Сапар барысында дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларына да ерекше назар аударылды. Өңір басшысы емделушілермен сөйлесіп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен ауруханадағы жағдай туралы пікірлерін білді.

Аурухана басшылығына медициналық инфрақұрылымды одан әрі дамыту және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Фото: Махаббат Ахметжанова

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу