KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
488.53 531.91 5.68

ШҚО әкімі Алтай қаласындағы қазандықтың жұмысымен танысты

Кеше, 16:30 166 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай қаласындағы орталық қазандықтың жұмысын тексерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазандықтың жұмысы мен техникалық жабдықталуын сала мамандары тексеріп шықты. Бұл нысанның тиімді жұмыс істеуі – қала тұрғындарын жылумен тұрақты қамтудың негізгі кепілі.

– Энергетика саласындағы уақытылы қабылданған шешімдер – болашаққа салынған инвестиция. Бұл коммуналдық жүйелерге түсетін жүктеме артқан шақта жылумен үздіксіз қамтуды қамтамасыз ететін маңызды фактор. Энергоресурстарды тиімді басқару – сенімді жылумен қамтудың негізі, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Әкім өңірдегі құбылмалы ауа райы мен суық күндерге байланысты жергілікті атқарушы органдарға жылу жүйесінің жұмысын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

 Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу