KZ
Өскемен
-8°
переменная облачность жел 5 м/с, В
499.11 521.12 5.58

ШҚО-да бал өндірісі қарқын алуда

Бүгін, 15:30 77 Гульжан Мусина

Глубокое ауданы Предгорное ауылында 21 жылдан астам уақыт ара шаруашылығымен айналысып келе жатқан кәсіпкер Алексей Дегтярев бүгінде тек жергілікті нарықты ғана емес, көрші елдерді де жоғары сапалы табиғи балмен қамтамасыз етуде. Оның еңбегі ауыл шаруашылығының дамуына, өңір экономикасының өсуіне және туристік тартымдылықтың артуына өз үлесін қосып келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылы кәсіпкер өз кәсібін кеңейту мақсатында «AMANAT» партиясының филиалына жүгініп, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу туралы шешім қабылдады. Бағдарламаның қолдауымен ол крем-бал өндірісін қолға алып, өнімдерді фасовкалауға арналған заманауи жабдық сатып алды.

— «Ауыл аманаты» сияқты нақты бағдарламалардың арқасында ауыл кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Мен бұрыннан ойлап жүрген кәсібімді дамытуға дәл осы бағдарлама септігін тигізді, — дейді Алексей Дегтярев.

Қазіргі таңда кәсіпкердің шаруашылығы тек бал өндірісімен шектелмей, ауылдық туризмнің дамуына да үлес қосуда. Мұнда келушілер табиғи балды тікелей омартадан сатып алып қана қоймай, ара шаруашылығының қыр-сырымен жақынырақ таныса алады.

«AMANAT» партиясы Глубокое аудандық филиалының төрағасы Анна Кузнецова ауыл кәсіпкерлеріне көрсетіліп отырған қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

— «Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіп бастаймын деген азаматтар үшін үлкен мүмкіндік. 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие – ауылдық кәсіпкерлер үшін таптырмас қолдау. Біздің партия жергілікті бизнеске жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырады, — деді ол.

«AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер ұсынып, олардың кәсібін кеңейтуіне және ауыл шаруашылығын дамытуына жол ашуда. Бағдарламаның жүзеге асуы жергілікті экономиканың тұрақты дамуына оң ықпал етіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға септігін тигізуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу