KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
499.04 544.45 5.96

Өскеменде қарғын судың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр (видео)

Кеше, 11:30 84 Гульжан Мусина

 

Өскемен қаласында көктемгі қарғын судың алдын алу мақсатында арнайы жұмыстар қолға алынған. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер еріген қар суын сорып, арықтар мен техникалық құрылымдарды тазалауда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Таза Өскемен» мекемесінің мәліметінше, өңірде күннің жылынуына байланысты қар жаппай ери бастаған. Дегенмен, жағдай толық бақылауда.

– Көлік жолдарындағы нөсер құдықтары қардан, мұздан, қысқы қоқыстан тазартылды және еріген суды қабылдауға дайын. Су ағызу жүйесі орнатылмаған аймақтарға арнайы техникамен жабдықталған топтар жіберілуде, – делінген мекеме хабарламасында.

«Таза Өскемен» мамандары қаланың табиғи еңістері, арықтары мен бұлақтары бар шағын аудандарына, сондай-ақ су ағызу жүйесі әлі қалыптасып үлгермеген құрылыс жүріп жатқан аймақтарға ерекше назар аударып отыр. Мысалы, қазір Ахмер ауылындағы жеке тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аумақта су өткізу құрылыстары орнатылып жатыр.

Сонымен қатар қаладағы түрлі шағын аудандарда арықтар тазалануда. Негізгі мақсат – күрт еріген қар суы кезінде олардың өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ету.

Су тасқынының алдын алу мәселелері немесе су басу қаупі туындаған жағдайда тұрғындар «Таза Өскеменнің» диспетчерлік қызметіне 8 (777) 331 85 36 нөмірі арқылы хабарласа алады.

 Видео/фото: instagram.com/tazaoskemen

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу