KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
496.41 542.77 6.05

ШҚО-да ауа райы жылынады

Фото: pixabay.com

Бүгін, 09:00 118 Гульжан Мусина

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 18-20 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында күн жылынып, қар ери бастайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Түнде ауа температурасы -3°С-тан +2°С-қа дейін, облыстың шығысында -8°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз термометр бағаны +7...+15°С-қа дейін көтеріліп, облыстың шығысында +5°С-қа дейін жылынады. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. 

- Күшті жел кезінде электр сымдары мен басқа да қауіпті нысандардан аулақ болу қажет. Су тасқынының алдын алу үшін аула маңын қардан тазалап, арықтар мен бұлақтардың су өткізу жолдарын ашық ұстау маңызды. Үй аумағын қорғау мақсатында қажетті материалдарды дайындап қойған жөн. Төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» нөміріне хабарласуға болады, - дейді ШҚО ТЖД өкілдері.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу