Өскеменде көктайғақ күтіледі

Фото: depositphotos.com
Шығыс Қазақстанда 15 наурызда қолайсыз ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, күндіз өңірдің жолдарында көктайғақ болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың оңтүстігі мен орталығында жылдамдығы 15-20 м/с, ал күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласында да көктайғақ күтіледі. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:
Көлік жүргізушілері жылдамдықты шамадан тыс асырмай, қашықтықты сақтауы қажет.
– Жаяу жүргіншілер тайғақ жолдарда абай болып, асықпай жүруге тиіс.
Күшті жел кезінде сымдарға, құлап кетуі мүмкін заттарға жақындамаңыз.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет,
Күшті жел кезінде сымдарға, құлап кетуі мүмкін заттарға жақындамаңыз.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет,
- делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.
Оқи отырыңыз