KZ
Өскемен
-1°
дымка жел 1 м/с, В
496.41 542.77 6.05

«Наурыз Жұмыскер»: алғашқы өтінім ШҚО-да мақұлданды! (видео)

Бүгін, 12:00 78 Әбішев Ержан

 

Наурыз мерекесі қарсаңында елімізде «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасы іске қосылды. Жаңа бастама – өз баспанасына қол жеткізгісі келетін жұмысшы мамандар үшін ерекше мүмкіндік. Ал осы бағдарлама бойынша алғашқы өтінім Шығыс Қазақстан облысында мақұлданып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

26 жастағы Нұржан Орақбай Өскемендегі «Қазцинк» ЖШС-де шебер болып еңбек етеді. Жас маман бар болғаны алты ай бұрын шаңырақ көтеріп, жары екеуі пәтер жалдап тұрған. Жаңа ипотекалық бағдарлама жайлы ести сала Нұржан барлық құжаттарын дайындап, өтінім беруге шешім қабылдапты.

– Бұл біздің жас отбасымыз үшін үлкен мүмкіндік болды. Жеңілдетілген шарттармен баспана алу бұрыннан арманымыз еді. Енді сол арманымыз орындалып отыр, – дейді Нұржан.

Айта кетейік, дәл осы өтінім – Қазақстан бойынша мақұлданған ең алғашқысы. Бұл барлық еңбек адамдарына үлкен шабыт беруге тиіс.

17 наурыздан бастап іске қосылған «Наурыз Жұмыскер» – еліміздің өндіріс орындары мен түрлі мекемелерінде жұмыс істейтін мамандарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама. Бағдарлама шеңберінде 2500-ге жуық жұмысшы өз пәтеріне қол жеткізеді деп күтілуде.

Қазірге дейін 589 азаматтың өтінімі мақұлданған. Өтінімдер Отбасы банкінің бөлімшелерінде қабылданады.

Құжаттарды алдын ала дайындау өтінімді жылдам қарауға сеп болады. Қажетті құжаттар тізімі банктің ресми сайтында жарияланған. Бастапқы жарна міндетті түрде Отбасы банкінің депозитінде болуға тиіс.

«Наурыз Жұмыскер» – өз еңбегімен жарқын болашаққа қадам басқысы келетін әр азамат үшін таптырмас мүмкіндік. Оны жіберіп алмаңыз! Анықтама телефоны: 8 775 391 67 27.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу