Елімізде «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
![](/kz/uploads/posts/2025-02/house-4323664_640.webp)
pixabay.com
Қазақстанда тұрғын үймен қамту саясаты аясында жаңа «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Бұл бастама Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық сала мамандарына қолдау көрсету мақсатында әзірленген, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, бастапқы жарна 10%-ды құрайды, ал жалпы несие көлемі 72 млрд теңге, бұл 2,4 мың қазақстандықтың баспаналы болуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы бойынша 290 млрд теңге көлемінде 11 мың несие беру көзделген. Бұл бағдарламада да бастапқы жарна 20%-дан 10%-ға төмендетіледі.
Жаңа бағдарламалар тұрғын үй қолжетімділігін арттырып, жұмысшы мамандық иелерін баспанамен қамтуға ықпал етеді.