KZ
Өскемен
-22°
туман жел 3 м/с, В
489.15 533.47 5.64

5 наурыздан бастап «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына құжат қабылданып жатыр

Фото: pixabay.com

Бүгін, 13:00 72 Гульжан Мусина

Портал ашылған алғашқы минуттарда 3 мыңнан астам адам онлайн өтінім тапсырып үлгерді. Былтыр «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары арқылы 10 мыңнан астам несие берілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған болатын. Бұл бастама Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық сала мамандарына қолдау көрсету мақсатында әзірленген.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, бастапқы жарна 10%-ды құрайды, ал жалпы несие көлемі 72 млрд теңге, бұл 2,4 мың қазақстандықтың баспаналы болуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы бойынша 290 млрд теңге көлемінде 11 мың несие беру көзделген. Бұл бағдарламада да бастапқы жарна 20%-дан 10%-ға төмендетіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу