Жаңа оқу жылы алдында барлық ШҚО мектептерінің қауіпсіздігі тексеріледі
Облыс әкімдігінде өткен кеңес барысында Нұрымбет Сақтағанов өңір мектептерінің қауіпсіздігін тексеруге тапсырма берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Айта кету керек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан оқу орындарының саны бойынша өңір көшбасшы болып табылады. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып, жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.
Облыс әкімі оқу жылы басталғанға дейін балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептерді тиісті жабдықтармен жарақтандыруды тапсырды.
Оқу орындары турникеттер, дабыл түймелері, бейнебақылау камералары, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қақтығыстарға жол бермейтін қауіпсіздік жүйелерімен қамтылады.