KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
496.41 542.77 6.05

Шығыс Қазақстанда бар болғаны 189 мопед тіркелген

istockphoto.com

Кеше, 15:00 60 Төлеуғазы Жансая

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап Қазақстанда мопедтер ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестіріліп, оларды міндетті түрде тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, техникалық тексерістен өткізу және сақтандыру полисін рәсімдеу талап етіледі. Алайда, Шығыс Қазақстан облысында мопедтерді тіркеу деңгейі әлі де төмен. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта аймақта бар болғаны 189 мопед тіркелген. деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа талаптарға сәйкес, мопед иелері келесі құжаттарды рәсімдеуі қажет:
-Мемлекеттік тіркеу: Мопедті тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) тіркеу. Ол үшін жеке куәлік және мопедтің техникалық құжаты немесе техникалық сипаттамалары туралы ақпарат қажет.  
-Жүргізуші куәлігі: A1, A немесе B санатындағы жүргізуші куәлігін алу. Бұл үшін теориялық және практикалық емтихандарды сәтті тапсыру қажет.  
-Техникалық тексеріс: Мопедті техникалық тексерістен өткізу.
-Сақтандыру полисі: Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисін рәсімдеу.

-Мопед иелеріне құжаттарды рәсімдеуді соңғы сәтке қалдырмай, алдын ала дайындауды ескертеміз. 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркеусіз, жүргізуші куәлігінсіз және сақтандыру полисінсіз жүрген мопедтерді басқаруға тыйым салынады.  Мопед иелерінің жаңа ережелерге сәйкес әрекет етуі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ықпал етеді, - деп ескертті облыстық Полиция департаментінде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу