KZ
Өскемен
+1°
пасмурно Штиль
512.34 582.07 6.31

Мопедті қалай тіркеуге болады: 2025 жылдан бастап күшіне енетін жаңа ережелер

pexels.com

23.01.2025, 12:00 912 Төлеуғазы Жансая

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктер санатына енгізіледі,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл өзгерістерге сәйкес мопедтерді пайдалану үшін бірқатар талаптар қойылады. Полицияда тіркелу, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық тексеру және азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту міндеттеледі.

Мопедті тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға жүгіну қажет. Құжаттар қатарында жеке куәлік және мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары болуы тиіс. Өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, мемлекеттік баждарды төлеу керек.

– Маңызды: 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу