KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 5 м/с, В
521.9 593.5 6.39

Тарбағатай ауданында ұлттық киімдер шеруі өтті

18.03.2025, 14:34 135 Төлеуғазы Жансая

Тарбағатай ауданында Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық киімді дәріптеуге арналған ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды. Шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, мекеме қызметкерлері және жастар белсене қатысып, 400-ден астам адам қазақтың мәдени мұрасын дәріптеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Ұлттық киім – ата-бабадан қалған асыл мұра, рухани байлығымыздың бір бөлігі. Киім үлгілеріндегі ою-өрнектер, зергерлік бұйымдар мен ұлттық нақыштар қазақ халқының болмысын, дәстүрін және мәдениетін айшықтайды. Осындай игі шаралар ұлттық құндылықтарды насихаттап, болашақ ұрпаққа мирас етудің маңыздылығын көрсетеді. Тарбағатай ауданында өткен ұлттық киімдер шеруі – ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі,- дейді Тарбағатай ауданы әкімдігі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу